Еуропа Трамп және Иранмен саяси-экономикалық мүдделерді таңдаудың жолайрығында тұр
АҚШ президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының беделін түсіріп, АҚШ-тың "Ортақ қадамға" берік болу міндетін бұзу салдарына қатысты алаңдаушылықты негізсіз ету мақсатында Еуропаны Трамп немесе Иранмен арадағы саяси-экономикалық мүдделерді таңдаудың жолайрығына тіреді.
Осы арада Еуропаның "Ортақ қадамды" сақтап қалудағы ең маңызды себебі қандай, Еуропа соңында қай жолды таңдайды деген сауалдар туындайды.
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһранда өткен Иран елшілері мен өкілдіктері басшыларының жеке сектормен өткізген ортақ форумында америкалықтардың санкция салуға тәуелді екендігі мен тек Иранға қарсы ғана санкция жарияламайтындығына тоқталып: "Бүгінде Еуропаның АҚШ пен Дональд Трамптың жеке мүддесі мен өз мүдделерін қамтамасыз етудің арасынан біреуін таңдайтын кезек келіп жетті",- деді.
Бұл мәселеге қатысты екі жайтты айтып кеткен жөн: біріншіден, шеңбері айқын әрі саудаласып, айтысуды қажет етпейтін Иранның "Ортақ қадамдағы" мүдделеріне кепілдік беру; екінші жайт "Ортақ қадамдағы" Еуропа, Ресей және Қытай секілді басқа тараптардың мүдделері саналады.
Егер АҚШ-тың ақылға қонбайтын біржақты шешімдерінің ықпалымен халықаралық мүдделерге нұқсан келетін болса, бұған байланысты халықаралық деңгейде, тіпті БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің АҚШ-тың біржақты әрекеттеріне қарсы шара қолдануы табиғи жағдай саналады.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан "Ортақ қадамды" сақтап қалу Еуропаның талпыныстарының негізгі себептерінің бірі екендігі шәксіз. Бірақ, Еуропа Одағы Иран мен оның аймақтық және халықаралық әрекеттестіктеріне тереңірек және стратегиялық тұрғыдан қарау керектігін біледі.
Еуропа өзінің саяси беделін сақтау үшін өз бағытын АҚШ-тың ақылға қонбайтын саясаттарынан алыстатуға мәжбүр болып отыр. Кері жағдайда, оның өзі осы саяси ойында жеңіліс табатын болады.
Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Насролла Таджик былай дейді: "АҚШ-тың келісімді бұзуы Еуропаның беделі мен халықаралық қатынастары құрылымын нысанаға алған. Алайда, Еуропа халықаралық келісімді сақтау үшін Иранның экономикалық мүдделерін Еуропаның саяси мүдделерімен байланыстыруға дайын екенін іс жүзінде көрсетуі керек".
Еуропаның Таяу Шығыстың қауіпсіздігіндегі алғашқы буын екенін естен шығармаған жөн. Себебі, аймақта тынышсыздық туындаған жағдайда оған қатты зиян тиюі мүмкін.
АҚШ осы тұрғыдан келісімді бұзу арқылы Еуропаның қауіпсіздігі, саяси мүдделері мен халықаралық беделін және еуропалықтардың негізін қалауда көш бастаған халықаралық қатынастар құрылымы мен механизмін нысанаға алған. Сондықтан Трамптың әрекеттері мен халықаралық деңгейдегі келісім саналатын "Ортақ қадамды" бұзуы тікелей Еуропаның мүдделеріне зиян тигізеді.
Еуропа халықаралық келісімді сақтап қалуға іс жүзінде дайын екенін дәлелдеу мақсатында түпкілікті шешім қабылдауы тиіс.