Трамп – Америка тарихындағы ең өтірікші президент
https://itolqyn.com/news/world-i38511
The Washington Post газеті осы ел президентінің өткен 558 күнде 4229 жалған пікір білдіргенін жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 03, 2018 08:50 Asia/Almaty
  • Трамп – Америка тарихындағы ең өтірікші президент

The Washington Post газеті осы ел президентінің өткен 558 күнде 4229 жалған пікір білдіргенін жазды.

The Washington Post бейсенбі күні: «Қолға түскен мәліметтерге сәйкес, Америка президенті Дональд Трамп соңғы екі айда 978 рет өтірік айтып, бұрыс пікір білдірген. Трамп Ақ үйдегі алғашқы жылы 2140 рет өтірік айтқан. Бірақ кейінгі алты айда бұл сан екі есе өскен» деп жазды.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Трамптың пікірлерінің үштен бірін құрайтын 1293 жайт экономика мәселелері, сауда келісімдері, жұмыспен қамтуға қатысты өтірік уәждер болған.