Трамп Иранға қарсы жалған ұстанымдарын қайталады
АҚШ президенті Иранға қарсы жалған ұстанымдарын қайталап, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға дайын екендігі туралы уәж айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні тағы да "Ортақ қадам" бағдарламасын сынға алып, өзінің келісімнен шығу туралы шешіміне табандылық танытатынын баса айтып, АҚШ пен Иран арасындағы байланыстың жақсаратындығына үміт білдірді.
Трамп АҚШ Конгресінің 2018 жылғы кезеңаралық сайлауы қарсаңында республикашылдар партиясының үгіт-насихаттық шаралары аясында Пенсильвания штатының Уилкс-Барре қаласына барып, АҚШ-ты Иранмен арадағы "жаман", "шығыны көп", "тиімсіз" ядролық келісімнен шығарғанын айтты.
Трамп өзінің бұрынғы бос сандырағын қайталап, ирандықтардың қазір төрт ай бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қатты өзгергені туралы уәж айтты.