Зарифтың Сингапур сапарындағы дипломатиясын сараптау
https://itolqyn.com/news/world-i38520
ИИР СІМ Сингапурде қарқынды кеңесулер өткізіп, бұл елдің СІМ, президенті және премьер-министрімен, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері одағына (ASEAN) мүше кейбір елдердің Сыртқы Істер Министрлерімен кездесіп, сұхбаттасты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 04, 2018 09:18 Asia/Almaty
  • Зарифтың Сингапур сапарындағы дипломатиясын сараптау

ИИР СІМ Сингапурде қарқынды кеңесулер өткізіп, бұл елдің СІМ, президенті және премьер-министрімен, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері одағына (ASEAN) мүше кейбір елдердің Сыртқы Істер Министрлерімен кездесіп, сұхбаттасты.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері одағына мүше мемлекеттердің СІМ-лерінің 51-ші отырысына қатысу үшін Сингапурге сапармен барған Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні бірқатар елдердің СІМ-лерімен кездесіп, кеңесті.

Зарифтың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дипломатиясының негізгі бағыты АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен заңсыз түрде шығуына қарамастан халықаралық келісімді сақтап қалудың маңыздылығына шоғырланды. Түрлі мемлекеттердің жауапты тұлғаларының Зарифпен кездесу кезінде "Ортақ қадамды" қолдауы америкалық басшылардың ойындағыдай әлемнің бұл елді айналшықтамайтынын көрсетті. Зариф бейсенбі күні Иран мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері одағы (ASEAN) арасында достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою рәсімі аясында тілшілердің алдында: "АҚШ санкцияларының бір жиынтығын жүзеге асыру мерзімінің жақындауына байланысты әлемнің түрлі құрлықтарындағы мемлекеттер санкциялармен күресу мақсатында АҚШ қысымдарымен қарсыласа алатын тәсілдерді іздестіруде. Иранмен сұхбаттасуды қолдап отырған елдердің барлық жоғары лауазымды тұлғалары  Иранмен қатынастарын жалғастырып, әріптестіктерін кеңейтуді өз мүдделеріне сай деп есептеп, АҚШ-тың "Ортақ қадамға" қарсы саясаттары алдында тәуелсіздіктерін сақтау қажеттігін қуаттап отыр",- деді.

Түрлі мемлекеттердің басшыларының Иран СІМ-мен кездесудегі сұхбаттасулардың негізгі тақырыбы Сингапурде көпжақтылықты көрсетіп, әлемнің өзара ынтымақтастықты жақтап отырғанын, АҚШ президенті Дональд Трамптың біржақтылығын бүгінгі таңда ешкімнің қолдамайтындығын дәлелдеді. Зарифтың Сингапурдегі кеңесулерінде көтерілген маңызды жайт түрлі мемлекеттердің жауапты тұлғаларының "Ортақ қадамды" сақтау қажеттігін қуаттауы болды. Бұл мәселе басқа мемлекеттердің дауыс беру және шешім қабылдау бостандығының АҚШ-тың еркінен тыс екендігін көрсетіп отыр.

ASEAN одағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы әлемдік деңгейдегі бесінші экономикалық одақ саналады. ASEAN қарсыласу және бастамашылық арқылы өзінің басқа елдермен, соның ішінде Иранмен экономикалық байланыстарын тіпті АҚШ санкция салған кезеңдерде де нығайтуға талпыныс жасап жатыр. ИИР-ның "Ортақ қадам" келісіміндегі өз міндеттемелерін жүзеге асырудағы ізгі ниеті және оның әлемде бейбітшлік пен қауіпсіздік орнатудағы шынайы талпынысы халықаралық қауымдастықтың Иранға сенім артуына себеп болды. Бұл екіжақты және көпжақты байланыстарды жалғастырып, оларды сақтауда ең маңызды фактор саналады. Дәл осы әдіс АҚШ-тың Иранның мұнай экспорты көлемін нөлдік деңгейге түсіру саясатын іске асыруға кедергі жасап отыр. Үндістанның АҚШ-қа қарсы табандылық танытуы мен Нью-Делидің АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын қолдамайтынын баса айтуы Үндістанның іс жүзіндегі тәуелсіздігін көрсетті. Әр түрлі елдер басшыларының Зарифпен Сингапурдегі кеңесу кезінде АҚШ-тың "Ортақ қадамға" қарсы саясаттары алдындағы тәуелсіздігін сақтап қалуды қуаттауы әлемдегі дипломатияның рөлінің маңыздылығын қуаттап отыр. "Ортақ қадам" келісімі әлемдік деңгейдегі табысты дипломатияның үлгісі саналады.