Зариф: Әлем "Ортақ қадам" келісімін сақтап қалуды қалайды
https://itolqyn.com/news/world-i38521
ИИР Сыртқы істер министрі әлемнің "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалуды қалайтынын баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 04, 2018 15:23 Asia/Almaty
  • Зариф: Әлем

ИИР Сыртқы істер министрі әлемнің "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалуды қалайтынын баса айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Сингапурде елдің президенті және СІМ-мен, сондай-ақ ҚХР, Жаңа Зеландия, Аустралия мен Индонезия СІМ-лерімен өткізген кездесулеріне сілтеме жасап: "Әлем "Ортақ қадамды" сақтап қалуға бағытталған іс-шараларды үйлестіру қажеттігіне қатысты бір ортақ шешімге келді",- деп жазды.

Иран СІМ Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринимен кездесуіне тоқталып: "Қос тарап бұл кездесуде Иран халқының "Ортақ қадамнан" алатын экономикалық пайдасына көз жеткізу үшін Еуропа одағы мен басқалардың жүзеге асыратын шаралардың егжей-тегжейін талқылады",- деп жазды.