Жапонияның болат өндірушілері АҚШ-қа ескерту жасады
Жапонияның ең ірі болат өндірушісі Nippon компаниясы сенбі күнгі бір мәлімдемесінде: "Бұл компания АҚШ тарапынан болат өнімдеріне салынатын тарифтің артуына төзбейді",-деп хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл компания осы мәлімдемеде: "Өткен сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін АҚШ-тың жапон компанияларына қарсы жаңа тариф қолданғаннан кейін бұл компаниялардың табысы 19 пайызға төмендеді",-деді.
Осыдан бұрын Қытай мен Еуроодақ мүшелері АҚШ-тың импорттық көліктерге тарифті өсіргеніне наразылық білдіріп, Ақ үйдің бұл шешімінің сауда соғысының басталуына себеп болатынын айтқан.
Экономикалық мәселелерді сараптаушылардың пайымдауынша, сауда соғысы басталған жағдайда АҚШ жеңіліс табады.