АҚШ-тың қайтадан санкцияларға оралуы – сәтсіздікке ұшыраған жобаның қайталануы
(last modified Mon, 06 Aug 2018 10:51:14 GMT )
Там 06, 2018 16:51 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың қайтадан санкцияларға оралуы  – сәтсіздікке ұшыраған жобаның қайталануы

Иранның Орталық банкінің басшысы Абдулнасер Хеммати Иран үкіметінің бар күшімен санкциялармен күресуге дайын екенін баса айтты.

Хеммати жексенбі күні Иранның екінші арнасына берген арнайы сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларға оралуына тоқталып, сейсенбіден бастап Иранда жаңа валюталық іс-шаралар пакетінің жүзеге асатынын хабарлап: "Иранның экономикалық және валюталық қорының жағдайы өте жақсы. Негізгі тауарлармен қамтамасыз етуде ешқандай қиындық жоқ",- деді.

АҚШ-тың мұның алдында "дәрменсіз етуші" санкциялар деп аталған, ішкі күш-құдіретті нығайтудан басқа нәтиже бермеген Иранға қарсы санкциялардың бірінші бөлігі тамыздың алтысы дүйсенбі күні қайта күшіне енеді.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары АҚШ-тың өткенмен салыстырғанда халықаралық деңгейде шынайы қарсылықтармен бетпе-бет келіп отырған жағдайда қайтадан күшіне енеді. Иран тарапынан АҚШ-тың ықтималды санкцияларының салдарымен күресу үшін тиісті шаралар назарға алынған.

Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Дэн Глазбрук: "Иранның көзін жоюға бағытталған бұл ақылдан адасушылықтың себебі түсінікті. Иранның тәуелсіз ел ретінде өмір сүруі аймақтағы импералистік бақылауға қауіп төндіріп отыр. Бұл мәселе өз кезегінде АҚШ-тың әскери қуаты мен доллардың әлемдік деңгейдегі рөлінің әлсіреуіне соқтырады",- деді.

Иран АҚШ-тың санкцияларымен күресу үшін арнайы іс-шараларды ойластырып қойған. Соның ішінде бұл шараларға долларды ресми валюталық мәмілелерден шығарып, Ресей мен ҚХР секілді ірі мемлекеттермен екіжақты сауда-саттықпен айналысуды жатқызуға болады.

АҚШ-тың шаралары Ақ үйдің күткеніне қайшы көптеген себептерге байланысты тиімсіз және халықаралық заңдылықтан кенде болып отыр.

Иранның қазіргі таңдағы керемет аймақтық және халықаралық жағдайы АҚШ үшін қиындық тудыруда. Иран "Ұлы Жібек жолы белбеуі" секілді ірі жобаларды дамытуда маңызды рөлге ие болып, ҚХР-мен бірге бұл салада маңызды рөл атқаруда. Иран Ормуз бұғазы мен Баб эл-Мандеб секілді стратегиялық бұғаздар мен маңызды су жолдарына толық үстемдік етіп отыр. Сондықтан Иран Орта Азияда орналасқан теңізге шығатын мүмкіндігі жоқ аймақтар үшін теңізге қол жеткізетін мүмкіндік береді.

Шындық мынада: АҚШ-тың зорлық-зомбылық көрсетіп, күштейтін және біржақты әрекет жасайтын кезеңдері баяғыда аяқталған. Мемлекеттердің қарым-қатынастары қазіргі таңда халықаралық қатынастардың қағидалары мен өзара сыйластыққа негізделген елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық арқылы мағынаға ие болап отыр. АҚШ үкіметінің халықаралық қауымдастықтың көзін жойып, сонымен бір мезгілде басқалардың мүдделері үшін соғыс отын өршітудің сәтсіздікке ұшыраған саясат екені туралы осы шындықты түсінуден басқа амалы жоқ. АҚШ бұл үдерісте күн өткен сайын оқшауланып келеді.

Қазіргі кезде "Ортақ қадам" келісіміне қатысты хабарлардағы ерекше назар аудартатын жайт мынада: АҚШ-тың қатысуынсыз ядролық келісім өз күшінде қалса да, қалмаса да, АҚШ-тың басына түсетін бақытсыздық ядролық келісімнің басына түсетін бақытсыздықтан әлдеқайда үлкен болады.