Трамп: Иран мүлдем басқа елге айналды
АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күнгі күлкілі сөзінде елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының Иранның мүлдем басқа елге айналуына себеп болғаны туралы айтты.
Трамп осыдан бұрын АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының Иранның қарым-қатынасының өзгеріп, аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдеуіне себеп болғанын айтқан болатын.
Трамптың Иранның аймақтағы белсенділіктерінің баяулай түскені жайлы күлкілі сөздері ИИР басшыларының аймақта тұрақтылық тудырушы ықпалды әрі қуатты ел ретінде өтініш болған жағдайда дағдарысқа ұшыраған немесе лаңкестікпен күресіп жатқан елдер мен жапа шеккен халықтарға ұдайы көмекке асығатынын және осы принципті ұстанымнан бір қадам кері шегінбейтінін сан рет жариялаған жағдайда айтылып отыр.