Еуропа "Ортақ қадам" келісімі мен Иранмен сауда-саттықты жалғастыруды қолдап отыр
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Германияның Экономика министрі Петер Альтмайер Еуропаның АҚШ-тың Иранға қатысты қысымдарының алдында мойынсұнбайтынын мәлімдеп: "Еуропа Вашингтонға қандай елмен сауда-саттық жасау туралы нұсқау беруіне рұқсат бермейді. Сондықтан Еуропа Венада бекітілген ядролық келісімге берік болып қалады.
Германия үкіметі еуропалық одақтастарымен бірге АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін де Иранмен қаржы алмасу мүмкіндігінің бар екендігіне кепілдік беретін жолдарды іздестіруде",- деді.
Альтмайер Трамптың еуропалық тауарларға кедендік тариф бекітуі туралы саясатын сынап, мұндай шаралардың даму және жұмыспен қамту үдерістерін жоятынын айтты.