Трамп АҚШ-тың қорғаныс бюджетіне қол қойды
АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке "Ұлттық қорғаныс өкілеттіктері туралы заң" деп аталатын жобаның қорытынды мәтініне қол қойды. Бұл заңда осы елдің 2019 жылға арналған 716 млрд долларлық қорғаныс бюджеті мен саясаты айқындалған.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың қорғаныс бюджеті туралы заңында Иранға 100-ден астам сілтеме жасалған. АҚШ-тың уәждері бойынша, бұл заң Иранға қарсы дайындалған.
АҚШ-тың Иранға қарсы негізсіз уәждері лаңкестікке қолдау көрсету және аймақта тұрақсыздандырушы әрекеттер жасау сияқты әртүрлі жалған атаулармен осы заңда қайталанған.
Бұл уәждер АҚШ пен осы ел басқаратын батыс-араб коалициясының көптеген сенімді құжаттары мен есептеріне сәйкес Ирак пен Сирияда ДАИШ сияқты лаңкестік топтарды қолдайды деп айыпталып отырған жағдайда айтылуда.