Ауғанстан президенті Ашраф Ғани талибандармен атысты тоқтату бітімін орнатқанын хабарлады
(last modified Mon, 20 Aug 2018 09:56:18 GMT )
Там 20, 2018 15:56 Asia/Almaty
  • Ауғанстан президенті Ашраф Ғани талибандармен атысты тоқтату бітімін орнатқанын хабарлады

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани талибандармен атысты тоқтату бітімін орнатқанын хабарлады.

Мұхаммад Ашраф Ғани Кабулда Ауғанстанның тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған рәсімде атысты тоқтату бітімінің тамыздың он тоғызы дүйсенбіден бастап ұлық пайғамабардың (с.ғ.с) туған күні саналатын раби ул-аууал айының он екінші жұлдызы, сәйкесінше қарашаның жиырма біріне дейін жалғасатынын хабарлады. Ол атысты тоқтату бітімінің талибандар тарапынан жасалып, аталмыш топ қалаған мерзімге дейін жалғасатынын айтып: "Атысты тоқтату бітімі туралы шешім бейбітшілік жоғары кеңесінің өтінішімен Ауғанстан үлемдері кеңесі халықтың түрлі топ өкілдерімен кеңесу өткізгеннен кейін қабылданды",- деді. Ауғанстан үкіметінің атысты тоқтату бітімін діни мерекелермен бір мезгілде мәлімдеуі мен ел халқының қалауына көңіл бөлуі үнемі осы ел мен аймақтағы халықтардың түрлі топтары оң бағалап отырған жақсы дәстүр саналады. Ораза айтына орай орнатылып, жүзеге асырылған былтырғы атысты тоқтату бітімі Ауғанстан халқымен қатар, Талибан тобы мүшелерінің де көңілінен шығып, тараптар Ораза айт мерекесін отбасыларының жанында атап өту мүмкіндігіне ие болған. Құрбан айт мерекесі де Ауғанстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі саналады. Сондықтан Талибан тобының жауапты әрекет арқылы атысты тоқтату бітімін орнатуды ұсынуы Ауғанстан халқын қуантып қана қоймай, Талибан тобы мен Ауғанстан үкіметі арасында өзара түсіністіктің пайда болып, сұхбаттасу өткізуге негіз тудырады. Жуырда Ауғанстан мен Пәкістанның түрлі аймақтарында Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға қолдау көрсету мақсатында құрылған халықтық кампаниялар талибандар мен Ауғанстан үкіметі үшін "Бұл елде соғыс аяқталды. Халық өз елінде бейбітшілік пен тыныштықтың орнауын қалайды" деген ашық жолдауды жекізді.

АҚШ-тың Ауғанстан және Оңтүстік Азия елдері жөніндегі сарапшысы Барент Робен былай дейді: "Алдыңғы атысты тоқтату бітімі Ауғанстанда 40 жылдан бері жалғасып келе жатқан азамат соғыстары тарихында алғашқы рет бекітілді. Қақтығысып жатқан топтар бір-бірімен атысты тоқтату бітімін орнатуға келісіп, бұл әрекет халықтың қолдауына ие болды. Ауғанстанда қақтығысып жатқан тараптар арасында сұхбаттасуға негіз туындауы үшін атысты тоқтату бітімі жалғасуы тиіс".

Көбінесе Пәкістандағы кейбір үлемдердің Талибандар тобына ықпал етуіне байланысты Ауғанстан үкіметі тарапынан атысты тоқтату бітімін орнату оларға осы ықпалды пайдалана отырып, аталмыш топты да атысты тоқтату бітімін жариялауға итермелеу үшін қолайлы мүмкіндік тудырды.

Ауғанстанның саяси мәселелер жөніндегі сарапшысы Мұхаммад Рафиқ Шаһри: "Талибандар тобының атысты тоқтату бітімін жариялауы да осы  топ пен Ауғанстан үкіметі арасында диалог өткізу қақпасының ашылуына көп үміт сыйлады. Соғысып жатқан тараптардың бұл әрекеті бейбітшілік пен соғысты доғару туралы сұхбаттасулардың басталуына септігін тигізеді",- деді.

Герат облысы үлемдерінің бірі Моулави Джалаладдин Хақани осы мәселеге қатысты: "Ислам – бейбітшілік пен бауырластық діні. Соғысқа қақтығысып жатқан барлық топ ислам дінінің қасиетті тағылымдарына бағынып, соғысу, қантөгіс пен бауырларын өлтірудің орнына бейбіт жолды таңдауы тиіс",- деді.

Ислам діні бауырларын өлтіру мен мұсылмандардың бір-бірімен соғысуына қарсы және ислам әлемін күпірлік әлеміне қарсы нығайту мақсатында әрдайым мұсылмандарды бірлік пен ынтымаққа шақырады. Сол себепті де Ауғанстан халқының дұшпандары есірткі заттарының контрабандасы, елдің табиғи байлықтарын тонау және лаңкестікті көшіру секілді өздерінің Ауғанстандағы сұрқия мақсаттары мен мүдделеріне қол жеткізу үшін талибандарды соғысты жалғастыруға итермелеп, бұл елде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауына қарсы болып отыр.