Трамп: Егер маған импичмент жариялайтын болса, АҚШ нарығы құлдырайды
Там 24, 2018 16:00 Asia/Almaty
АҚШ президенті бейсенбі күні БАҚ-тағы Конгресс тарапынан Трампқа импичмент жариялау ықтималының артуына қатысты болжамдарға реакция білдіріп, егер мұндай оқиға орын алатын болса, бұл ел нарығының құлдырайтыны туралы уәж айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Fox News ақпарат агенттігіне берген сұхбатында өзінің Ақ үйдегі жұмысын "өте табысты" деп бағалап, егер оған импичмент жариялайтын болса, АҚШ халқының кедейлене түсетіні туралы уәж айтты.
Трамптың импичменті туралы болжамдар оның сайлау штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт айыпты деп танылып, оның бұрынғы адвокаты Майкл Кохеннің мойындауынан кейін арта түсті.
Тегтер