Еуропа одағының 18 млн евро көлеміндегі бюджетінің "Ортақ қадам" шеңберіндегі экономикалық пакетіне қатысы жоқ
Там 24, 2018 17:43 Asia/Almaty
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми жұма күні таңертең Еуропаның 18 миллион евроны құрайтын Иран үшін бөлген бюджетінің "Ортақ қадам" келісімі шеңберінде Еуропаның АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларымен күресу үшін ұсынатын экономикалық пакетіне қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми тілшілердің бейсенбі күні Еуропа одағы тарапынан Иранға бөлінген бюджеті туралы сауалына берген жауапта: "Еуропалық комиссия бейсенбі күні Иранда даму жобаларын жүзеге асыру мақсатында 18 миллион евро көлемінде қаражат бөлді. Бұл сома Еуропа комиссиясы тарапынан дәл осы мақсатта бөлінуі тиіс 50 миллион евролық бюджеттің алғашқы бөлігі саналады",- деді.