Еуроодақ АҚШ-тан палестиналық босқындарға жәрдемдесу агенттігіне қатысты шешімін қайта қарауды сұрады
(last modified Sun, 02 Sep 2018 09:06:21 GMT )
Қыр 02, 2018 15:06 Asia/Almaty
  • Еуроодақ АҚШ-тан палестиналық босқындарға жәрдемдесу агенттігіне қатысты шешімін қайта қарауды сұрады

Еуроодақ сенбі күнгі бір мәлімдемесінде АҚШ-тан палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмыс табу агенттігіне (UNRWA) қаржылай қолдауды тоқтату туралы шешімін қайта қарауды сұрады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақ: "Палестина, Ливан, Иордания мен Сириядағы ондаған мектепті басқаратын UNRWA-ге халықаралық қолдау жалғасуы керек",-деді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті жұма күні кешке бұл елдің палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмыс табу агенттігіне қаржылай қолдауын толық тоқтатқанын хабарлады.

АҚШ жұма күні, 24 тамызда Палестинаның жапа шеккен халқына жауластық қатынасын жалғастырып, Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына беретін 200 млн долларлық көмегін тоқтатты.

 

Тегтер