Альберт Гор: Трамп отставкаға кетуі керек
АҚШ-тың бұрынғы Вице-президенті елінің қазіргі президентінің отставкаға кетуін талап етті.
Daily Mail газетінің мәліметі бойынша Билл Клинтонның президенттігі кезіндегі Американың Вице-президенті Алберт Гор: "Дональд Трамп климат өзгерістері мен ауаның тазалығына мән бермейді. Жаһандық жылынудың артуы мен әсіресе АҚШ-та өрттің көбеюі Трамптың Париж климаттық келісіміне қарсы болу саясатының бұрыстығын көрсетті",- деді.
Дональд Трамп 2017-ші жылдың тамыз айының 4 күні климатқа қатысты Париж келісімінен шыққан болатын. Трамптың бұл шешімі әлемнің жер-жерінде теріс реакцияларға тап болды.
Әлемнің 190 мемлекеті ауаны ластайтын себептерді азайтуды мақсат ететін Париж келісімнің мүшелері болып табылады.