Трамп: Иран алаңдаушылық жағдайын бастан өткеруде
Қыр 06, 2018 14:05 Asia/Almaty
АҚШ Президенті сәрсенбі күні Ақ үйде Кувейт әмірі шейх Саббах әл-Ахмад әл-Джабер әл-Саббахпен кездесуінде ИИР-на қарсы жалған уәждерін тағы қайталап, күлкілі сөздер айтып: "Иран алаңдаушылық жағдайын бастан өткеруде",-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп осы кездесудегі халықты алдарқатуға бағыттаған сөзінде: "Егер Иран басшылары қаласа, олармен келіссөз өткізуге әзірмін",-деп мәлімдеді.
Трамп 30 шілдеде де ешбір шартсыз ИИР Президентімен кездесіп, сұхбаттасуға әзір екенін айтқан болатын. Бұған қарамастан, Трамптың осы уәждерінен бірнеше сағат өткен соң АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео келіссөздердің шарттарын белгіледі.
Тегтер