Еуроодақ Израильден палестиналықтардың үйлерін қиратуды тоқтатуды сұрады
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы сионистік режимнен палестиналықтардың үйлерін қиратуды тоқтатуды талап етті.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Федерика Могерини сенбі күні Израиль режимінен басып алынған Құдстың шығысындағы Хан әл-Ахмар палестиналық ауылды қиратуды тоқтатуды сұрады.
Могерини сионистік режимнің сотында Хан әл-Ахмар палестиналық ауылды қирату туралы үкімнің шығарылғанына реакция білдіріп, өз мәлімдемесінде: "Бұл сот Израиль режимінің басшыларына жоспар бойынша Хан әл-Ахмар ауылын қиратуға рұқсат берді",-деді.
Еуроодақ пен оған мүше елдер Израильдің қалашықтар салу саясатына қарсылықтарын сан рет мәлімдеп, халықаралық заңдар бойынша мұны заңсыз деп жариялады.
Сионистік режимнің соты сәрсенбі күні Хан әл-Ахмар ауылындағы палестиналықтардың үйлерін қиратып, ондаған жанұяны қоныс аударуға үкім шығарды.
Хан әл-Ахмар ауылының тұрғындары Негев шөлінде өмір сүрген бәдәуилер болған. 1952 жылы сионистік режим оларды өз қоныстарынан қуған соң амалсыздан осы ауылға тұрақтаған.
Бұл ауылдың айналасында бірнеше сионистік қалашық орналасқан. Сионистік режим осы ауылды қирату арқылы олардың жерлерін тәркілеп, өзінің заңсыз қалашықтарын кеңейтуге пайдалануды көздеп отыр.