Ақ үй халықаралық органдарға қарсы шабуылдарын жалғастыруда
Трамптың Ұлттық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесшісі дүйсенбі күні Халықаралық сот прокурорының америкалықтардың Ауғанстандағы қылмыстарын зерттеу туралы сөздеріне реакция білдіріп: "Мұндай Сотпен ынтымақтастық жасамаймыз",- деді.
Халықаралық соттың прокуроры Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстан туралы отырысында бұл соттан америкалықтардың Ауғанстандағы қылмыстарын зерттеуді сұраған болатын.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Джон Болтон дүйсенбі күні өз азаматтарын ахлақ пен құқық тұрғыларынан ең жоғары деңгейде деп санайтын АҚШ-тың ішкі сот жүйесіне байланысты халықаралық сот қажет емес деп: "АҚШ әскерилері соғыс заңдарын толығымен сақтауға міндетті. Заң бұзылған жағдайда АҚШ дер уақытында шара қолданады",- деді.