Джон Керри: Трамп – АҚШ-тың ең нашар Президенті
https://itolqyn.com/news/world-i39002-Джон_Керри_Трамп_АҚШ_тың_ең_нашар_Президенті
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сәрсенбі күні BBC ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трампқа қатты шүйлігіп: "Трампты "АҚШ-тың ең нашар Президенті" деп жариялауға болады деп ойлаймын.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 13, 2018 14:44 Asia/Almaty
  • Джон Керри: Трамп – АҚШ-тың ең нашар Президенті

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сәрсенбі күні BBC ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трампқа қатты шүйлігіп: "Трампты "АҚШ-тың ең нашар Президенті" деп жариялауға болады деп ойлаймын.

Дональд Трамп АҚШ тарихындағы ең нашар Президент атағын алу үшін қажет барлық шарттарға ие. Ол АҚШ-ты қауіпсіз әрі жақсырақ елге айналдыра алмады",-деді.

Мұнымен қатар АҚШ-тың бұрынғы Президенті  Джимми Картер де Дональд Трамптың саясаттарын сынап: "АҚШ-тың көші-қон, қоршаған орта мен адам құқығына қатысты саясаттары Трамп билік басында тұрған кезде жақсармайды",-деді.