Джон Керри: Трамп – АҚШ-тың ең нашар Президенті
Қыр 13, 2018 14:44 Asia/Almaty
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сәрсенбі күні BBC ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трампқа қатты шүйлігіп: "Трампты "АҚШ-тың ең нашар Президенті" деп жариялауға болады деп ойлаймын.
Дональд Трамп АҚШ тарихындағы ең нашар Президент атағын алу үшін қажет барлық шарттарға ие. Ол АҚШ-ты қауіпсіз әрі жақсырақ елге айналдыра алмады",-деді.
Мұнымен қатар АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джимми Картер де Дональд Трамптың саясаттарын сынап: "АҚШ-тың көші-қон, қоршаған орта мен адам құқығына қатысты саясаттары Трамп билік басында тұрған кезде жақсармайды",-деді.
Тегтер