Трамп және 11 қыркүйек оқиғасы: АҚШ-тың лаңкестікке қарсы саясатына шолу
https://itolqyn.com/news/world-i39011
2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы бетбұрыс нүктесі саналады. АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джордж Буш 11 қыркүйек шабуылынан кейін жаһандық лаңкестікпен күресу сылтауымен басқыншы қатынас ұстанып, Ауғанстан мен Иракқа шабуыл жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 13, 2018 16:34 Asia/Almaty
  • Трамп және 11 қыркүйек оқиғасы: АҚШ-тың лаңкестікке қарсы саясатына шолу

2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы бетбұрыс нүктесі саналады. АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джордж Буш 11 қыркүйек шабуылынан кейін жаһандық лаңкестікпен күресу сылтауымен басқыншы қатынас ұстанып, Ауғанстан мен Иракқа шабуыл жасады.

Иракты басып алу ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың қалыптасуына себеп болды. Олар Ирак пен Сирияда көп қылмыс жасады. Лаңкестікке қарсы жаһандық соғыста Ирак, Ауғанстан, Сирия, Ливия мен Йеменде 1 млн-нан астам адам көз жұмды. 11 қыркүйек оқиғасына 17 жыл толғанда АҚШ-тың популист әрі жанжалды Президенті  Дональд Трамп осы мұрсатты өз елінің лаңкестікпен күрес сылтауымен жасаған антигуманистік әрекеттерін түсіндіруге пайдаланып: "Лаңкестердің АҚШ-қа тағы шабуыл жасауына жол бермейміз. Экстремистермен күресу үшін өзіміз бен достарымыздың көмегін пайдаланамыз. АҚШ-тың қауіпсіздігін сақтауға бар күшімізді саламыз. Өткен 17 жылда шамамен 7 мың америкалық сарбаз экстремист лаңкестермен күрес жолында қаза тапты. Біз АҚШ-тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жан аяп қалмаймыз",-деген уәж айтты.

Трамп лаңкестікпен күрес сылтауымен мұсылмандарға шабуыл жасап, әртүрлі әрекеттерге барды. Трапмтың 7 ислам елі азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу жарлығы мен мұсылмандарды лаңкес деп атауы оның осы саладағы біржақты қатынасын көрсетеді. Трамп бұдан бұрын АҚШ үкіметінің экстремистік лаңкестіктің қалыптасуында тікелей рөл атқарғанын ашық мойындады.

Саяси сарапшы Иван Ипполитовтың пікірі бойынша, АҚШ-тың соңғы жылдардағы мақсаты лаңкестік пен экстремизмді ұдайы құрал ретінде пайдалану болды. Терроризм және осы сұрқия құбылыспен күрес тақырыбында Трамп тарапынан толығымен назардан тыс қалған маңызды мәселе Сауд Арабиясы секілді реакцияшыл араб елдерінің ДАИШ сияқты тәкфирлік лаңкестік топтарды идеологиялық тұрғыдан нәрлендіріп, қаржы және логистика тұрғысынан қамтамасыз етіп отырғаны болды.

АҚШ-пен әртүрлі сауда-экономикалық, әскери, қару-жарақ салаларында ауқымды қарым-қатынасқа ие және Трамптың алғашқы шетелдік сапарында құны 110 млрд долларды құрайтын қару-жарақ келісімшартына қол қойған Сауд Арабиясы экстремистік идеологиялардың, әсіресе ваххабизм  мен ДАИШ пен ән-Носрат майданы сияқты экстремистік топтардың таралуында көп үлеске ие. Мұнымен қоса, АҚШ Конгресінің 11 қыркүйек оқиғасына қатысты 2016 жылы жарияланған есебінде 11 қыркүйек шабуылына қатысы бар ұшақты ұрлаған 19 адамның 15-інің Сауд Арабиясы азаматтары болғаны аышқ айтылған.

Бұл мәселе АҚШ Конгресінде JASTA заңының қабылдануына себеп болды. Соған сәйкес, 11 қыркүйек оқиғасы құрбандарының жанұялары мен туысқандары шабуыл жасағандарға көмектескені үшін Сауд Арабиясы үкіметі мен басшыларының үстінен шағым түсіре алады.

Бұған қарамастан, Обама үкіметі де, Трапм үкіметі де бұл заңды орындаудың эр-Рияд пен Вашингтон қатынасына кері әсер ету мүмкіндігі сылтауымен оның іс жүзінде орындалуына кедергі келтіріп отыр.