Иран Сыртқы істер министрі Әзірбайжан республикасының президентімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Иран, Әзірбайжан республикасы және Ресей Сыртқы істер министрлерінің үш жақты отырысы үш мемлекеттің түрлі негіздерде ынтымақтастықтарының кеңеюіне себеп боларына үміт білдірді.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның хабарлауынша, Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасы Сыртқы істер министрлерінің тұңғыш ортақ саммитіне қатысу үшін Бакуге сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Әзірбайжан республикасының президенті Илхам Әлиевпен кездесуінде қос жақты және аймақтық мәселелер туралы кеңесіп, ой бөлісті.
Зариф Иран мен Әзірбайжан республикасының ортақ ынтымақтастық негіздеріне сілтеме жасап: «Теһран- Баку ынтымақтастықтары екі елдің түрлі салаларда, әсіресе тауар транзиті және лаңкестікпен күрес саласында байланыстарының артуына себеп болады» деді.
Әзірбайжан республикасының президенті де Иран, Әзірбайжан республикасы және Ресейдің алғашқы ортақ саммитінің Бакуде өтуіне сілтеме жасап, осы отырыстың үш елдің байланысында жаңа маусым қалыптастыруына үміт білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі бүгін Бакуде Иран, Әзірбайжан республикасы және Ресей Сыртқы істер министрлерінің тұңғыш бірлескен отырысына қатысады.