Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты әрекетсіздігінен Иран уран байытуын арттыруы ықтимал
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Шпигель" газетіне берген сұхбатында: "Еуропа АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына сылбыр қатынас көрсететін болса, Иран уран байыту деңгейін арттыруы ықтимал",-деді.
Зариф сенбі күні шыққан сұхбатында аталмыш тақырыпқа тоқталып: "Еуроодақ егер бұрынғыдай АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына сылбыр қатынас көрсететін болса, өзінің бұл ұстанымына қатысты Иранның реакциясын күтсін",-деді.
Бүгін Еуропамен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жайлы келіссөз өткізу үшін көп уақыт қалған жоқ.
Еуропалықтар мамыр айында Иранға қолдау көрсететін пакет ұсынды. Бұл бір маңызды міндеттеме болғандықтан орындалуы тиіс. Зарифтің айтуынша, Еуропаның бұл істі Иран үшін емес, өзі мен экономикасының ұзақ мерзімді мүдделерін қолдау үшін жасайтыны маңызды.
Бұған қатысты үш маңызды тақырып бар: біріншіден, Еуропа пен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы басқа мүше елдердің бір халықаралық міндеттемеге қатысты ұстанымы айқындалуы тиіс; екіншіден, Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта болу мәселесі қазір "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы үдерісі және АҚХА-мен келісімдерге сәйкес аяқталған мәселе болып табылады; үшіншіден, Еуропаның АҚШ-тың қысымдары мен зорлықтарына қарсы беріктік деңгейін шынайы бағалау қажет.
Бірінші мәселеге қатысты Иранның ядролық келісімін кепілдендіретін құжаттың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары екені айқын. Иран бұл қарарға берік, АҚШ оған қарсы әрекет етіп отыр. АҚШ бұл қызыл сызықтан өтуге күш салып, басқалардың да халықаралық заңдарды бұзғанын қалайды. Осындай жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары мен ядролық келісімнің 36-бабы Иранға мынадай мүмкіндік береді: Иран келісімнен шықпастан табандылық деңгейін төмендете алады. Уран байытуды арттыру осындай жағдайлардың бірі саналады.
Екінші мәселеге қатысты АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мәтіні мен Иранның ядролық қаруға қол жеткізуге талпынысы туралы айтып отырған алаңдаушылықтарын негізсіз уәж және сылтау деп айтуға болады. Өйткені, АҚХА-ның 12 есебінің екеуі АҚШ ядролық келісімнен шыққаннан кейін жарияланды. Бұл есептер Иранның өз міндеттемелеріне берік екенін, ал АҚШ-тың беделден жұрдай екенін көрсетеді.
Үшінші мәселе шын мәнінде Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалудағы өз міндеттемелеріне беріктік деңгейін қамтиды.
Еуропа еуропалық компаниялардың Еуроодақтың заңдарын ұстануын қалай ма, әлде АҚШ-тың заңдарына бағынуын құп көре ме, Еуропа АҚШ-қа бағынышты ма деген сауалдар туындайды.
Еуроодақтың ақпарат өкілі Майя Косьянчич Иранмен маңызды экономикалық бөлімдерде, соның ішінде ішінде мұнай саласында әріптестікті жалғастыруға талпыныстардың жасалып жатқанын айтты.
Қазіргі жағдайда көптараптық міндеттемеде біржақты әрекет етіледі деп күтуге болмайтыны айқын.