Джо Байден Трампты бұзақы деп атады
АҚШ-тың бұрынғы Вице-президенті Дональд Трамптың әрекеттері мен саясаттарын сынап, оны бұзақы деп атады.
Нью-Йорк пост порталының мәліметі бойынша, Американың бұрынғы Президенті Барак Обаманың вице-президенті Джо Байден Вашингтонда: "АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйді өз күшін қолданатын мекен ретінде пайдалануда. Мен және Обама Трамптың президенттік билігінің бірінші жылы үнсіз қалып, жаңа үкіметке жұмысын бастауға мүмкіндік бердік. Бірақ, Трамптың 2017-ші жылдың тамыз айындағы Шарлотсвиллдегі қақтығыстарға көрсеткен реакциясы енді үнсіз қалуға болмайтынын көрсетті",- деді.
Осы мәлімет бойынша, Байден 2020-шы жылғы АҚШ сайлауына үміткер болады деген күдіктер күшейді.
АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Шарлотсвилл қаласы 2017-ші жылдың тамыз айында аз сандылардың азаматтық құқықтарының жақтастары мен ақ нәсілділерді артық санайтындардың қақтығыстарына куә болды. Трамп Шарлотсвилл оқиғасы және нәсілшіл топтар мен ақ нәсілділерді артық санайтындардың зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптамады.