АҚХА Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылығын қуаттады
(last modified Tue, 18 Sep 2018 10:40:59 GMT )
Қыр 18, 2018 16:40 Asia/Almaty
  • АҚХА Иранның

Иран мен "алтылық" тобы арасындағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық мәселеге қатысты келісім Венада 2015-ші жылдың шілде айында жарияланды және 2016-шы жылдың қаңтар айынан бастап іске асырыла бастады.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі халықарлық бақылаушы орган ретінде Иранның бұл келісімдегі міндеттемелеріне толығымен табанды екендігін қуаттады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Юкия Амано "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ядролық тексеріс саласындағы жетістік екенін қуаттап, Агенттіктің тиісті тексерістерді іске асыру үшін қолжетімділікке ие екенін мәлімдеді.

Амано дүйсенбі күні Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас конференциясының 62-ші сессиясының бірінші күні Агенттік Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табандылығын бақылауға алғанын қуаттап: "Теһран өз міндеттемелерін табандылы түрде іске асырды. Ең маңыздысы міндеттемелерін әлі толық орындап жатыр",- деді.

Агенттіктің Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық орындауын қуаттауына қарамастан АҚШ Президенті Дональд Трамп сайлау алдындағы бәсеке кезеңінде, сондай-ақ, билік басына келгеннен кейін де аталмыш келісімді сынап, оны "ең жаман келісім" деп атады.

Америкалықтар Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелеріне табандылығынан хабардар. Бірақ, өзінің әрекеттерін ақтау үшін Иранға қарсы өтірік айып тағуда. Бұл салада АҚШ-тың Энергетика министрі Рик Перри оқыған Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас конференциясының 62-ші сессиясына арналған Трамптың жолдауында Иран үшін жаңа екі шарт баяндалды: "Иран екі мәселеге қатысты кепілдік беруі керек: біріншіден, Иранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты болып қалуы керек; екіншіден, Иранның ядролық қаруға қол жеткізу жолы әрқашан жабық болуы қажет",- деп ескертті. Трамп жолдауында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына тоқталмастан: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – "кемшін келісім". Сондықтан, АҚШ "Иранның ядролық бағдарламасы мен соған қатысты жұмыстары мен бейберекеттік тудыратын белсенділіктеріне қатысты толық келісімге келуді мақсат етуде",- деді.

Трамптың жолдауының негізгі мақсаты мен шектен шығатын талаптар қойып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасына қатаң шектеулер қойып, соңында сионистік режимнің талаптарына сай келісімге келу болып табылады. Негізінде халықаралық қоғам, әсіресе "алтылық" тобының қалған мүшелері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауды қалайды. Тіпті, Еуроодақ Иранды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды қалуға жігерлендіру үшін ұсыныс жасады.

АҚШ халықаралық қоғамның ерік-жігеріне қайшы санкцияларын күшейтіп, өзінің ұстанымдары мен қалауларын Иранға біржақты түрде қабылдатқызғысы келеді.