Зариф: АҚШ бейбітшілік туралы өтініштерді күлкіге айналдырады
Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні түстен кейін АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінде Иранға қарсы шара дайындаушы топтың басшысы Брайан Хуктың жуырдағы сөзіне реакциясында Вашингтонның бейбітшілік туралы өтініштерді күлкіге айналдырғанын айтты.69
Брайан Хук сәрсенбі күні кешке Хадсен институтында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Иран үкіметі мен АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама арасындағы "жеке келісім" деп атап: "Вашингтон бүгінде Иранмен осы елдің зымырандық және ядролық бағдарламаларын бір мезгілде шектейтін және АҚШ-тың Сенатында бекітілетін нағыз келісім жасауды көздеп отыр",-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Хуктың осы сөздеріне Twitter-де білдірген реакциясында: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын екі ел үкіметі арасындағы жеке келісім санап, енді нағыз келісім жасауды көздеп отырмыз деген уәж айтады. Бұл – толығымен қате",-деп жазды.
Зариф Twitter-де Хадсен институты басшыларының АҚШ-тың бейбітшілік талап етуші белсендісі Медея Бенджаминге қатты қатынас көрсеткені бейнеленген фильмді жариялап: "АҚШ бейбітшілік туралы өтініштерді ғана күлкіге айналдыратын сияқты. Ұялмайсыздар ма?"-деп жазды.