Рухани: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы АҚШ-тың жалғыздығын көрсетті
ИИР Президенті: "АҚШ Президенті Дональд Трамп басқарған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы АҚШ-тың жалғыздығын, барлық елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын және тура немесе жанама түрде АҚШ-тың әрекетін бұрыс санайтынын көрсетті",-деді.
Хасан Рухани жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы аясында шетелдік ақпарат құралдарымен өткізген баспасөз конференциясында: "Өткен бір жылда аймақтық және халықаралық мәселелердегі ең маңызды тақырып АҚШ-тың БҰҰ растаған көптарапты келісімнен біржақты және заңсыз негізде шығуы болды",-деп мәлімдеді.
Иран Президенті әлем елдері басшылары мен жауапты тұлғаларының көбінің Теһранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалуын Иран үкіметінің қырағылығының нышаны санағанына тоқталып: "БҰҰ Бас ассамблеясының биылғы отырысында әлем елдері басшыларының көпшілігі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын дипломатиялық жетістік ретінде қолдады",-деді.
Иран Президенті елінің зымырандық бағдарламасы туралы қойылған сұраққа: "Ядролық келісімде зымыран деген мәселе жоқ. Егер біреу өз міндеттемесін бұзғысы келсе, оған мұндай сылтаулар себеп болмайды",-деп жауап берді.
Рухани Палестина мәселесі туралы: "70 жыл бұрын «сионистер» деп аталатын топ Палестина жерін басып алмағанда қазір аймақтың жағдайы басқаша болар еді",-деді.