Трамп Сауд әулеті режиміне тағы ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i39204
АҚШ Президенті көбірек ұпай жинау үшін Сауд әулеті режиміне қоқан-лоққы жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 30, 2018 18:05 Asia/Almaty
  • Трамп Сауд әулеті режиміне тағы ескерту жасады

АҚШ Президенті көбірек ұпай жинау үшін Сауд әулеті режиміне қоқан-лоққы жасады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Батыс Вирджиния штатында Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазизбен телефон арқылы сұхбатына тоқталып: "Сауд Арабиясының қауіпсіздігі АҚШ-сыз ұзаққа созылмайды",-деді.

Трамптың айтуы бойынша, АҚШ-тың қолдауының арқасында Сауд режимі ұшақтарының  қауіпсіздігі толығымен сақталған.

Трамп сенбі күні Сауд Арабиясы королімен телефон арқылы сұхбатында мұнай мәселесін көтеріп, оны өндіру көлемінің артуын қалайтынын айтты.