Трамптың әрекеттері салдарынан АҚШ-қа деген әлемде сенімсіздік артуда
https://itolqyn.com/news/world-i39246
АҚШ Президенті Дональд Трамптың біржақты саясаттары күннен күнге бұл елдің әлемдегі оқшаулануының артуына ұластырды.Трамп өзінің "бірінші Америка" деген ұраны бойынша, басқа елдерге немқұрайдылық таныту арқылы АҚШ-тың мүдделері мен мақсаттарына басымдылық беруімен қатар Вашингтонның біржақты, ешкіммен санаспайтын саясаттары бұл елдің күш-құдыретін арттырып, бәсекелесін жеңуге себеп болады деп ойлайды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 03, 2018 20:10 Asia/Almaty
  •  Трамптың әрекеттері салдарынан АҚШ-қа деген әлемде сенімсіздік артуда

АҚШ Президенті Дональд Трамптың біржақты саясаттары күннен күнге бұл елдің әлемдегі оқшаулануының артуына ұластырды.Трамп өзінің "бірінші Америка" деген ұраны бойынша, басқа елдерге немқұрайдылық таныту арқылы АҚШ-тың мүдделері мен мақсаттарына басымдылық беруімен қатар Вашингтонның біржақты, ешкіммен санаспайтын саясаттары бұл елдің күш-құдыретін арттырып, бәсекелесін жеңуге себеп болады деп ойлайды.

 

Ақ үй де өзінің шындыққа қайшы таңқаларлық сөзінде: "Трамптың саясаты АҚШ-қа әлемдегі көшбасшылығын қайтарды",- деген уәж айтты.  Ақ үй  2018-ші жылдың маусым айының 15 күнгі мәлімдемесінде: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы - Трамп үкіметінің АҚШ-ты  әлемдегі көшбасшылығын қайтару саласындағы жетістіктерінің бірі",- деген болатын.

Көптеген деректерге сәйкес бұл уәждердің қате екені дәлелденді. Трамп БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөйлеген сөзінде өткен екі жылдағы жетістіктері туралы уәждерімен басқа елдер басшыларының күлкісіне себеп болды. Бұл әлемдегі АҚШ-тың беделінің түскенін көрсетеді.

Бұл саладағы жаңадан өткізілген сауланамалардың бірінің нәтижелері АҚШ-қа деген әлемік сенімнің төмендеуін анықтады. АҚШ-тың зерттеу ұйымдарының біреуінің ағымдағы жылдың мамыр мен тамыз айларының аралығында жасаған саулнамасы бойынша, Трамп Канада мен Германияға қарсы ауызша шабуыл жасағаннан кейін одақтастарының арасында АҚШ-тың рейтингі төмендеді. Бұл сауланама 2017-ші жылы үлкен соққы көрген АҚШ-тың ұстанымдарының 2018-ші жылы да Еуропада әлсіреп, германиялықтардың 90, франциялықтардың  91, испаниялықтардың 93 пайызының Трампқа сенбейтінін көрсетті.

25 елде өткен сауалнамаға әлемнің жер-жерінен қатысқандар Трамптың елді басқару қабілеті Владимир Путин мен  Си Цзиньпинге қарағанда  төмен санайды. 

Франциялық зерттеуші Marie-Cécile Naves: "Трамптың саясаты көпірме сөз бен тұрақсыздыққа сүйенеді және бұл оның ерекшеліктерінің қатарына жатады",- деп санайды. Әлем елдерінің көптеген жоғары лауазымды қайраткерлері, соның ішінде Вашингтонның еуропалық әріптестері Трамптың саясаттарына алаңдаушылық білдіріп, оларды АҚШ-тың күннен күнге оқшаулануы мен басқа елдердің бұл елге деген сенімсіздіктерінің артуына себеп болуда деп санайды. Қазір бірнеше полюстік әлемнің қалыпасуына ұластырып келе жатқан халықаралық өзгерістер АҚШ көзқарасының халықаралық орта мен әлемдік оқиғалармен санаспайтынын дәлелдеді.