Трамп: Сауд Арабиясы АҚШ-қа көбірек ақша беруі тиіс
https://itolqyn.com/news/world-i39265
АҚШ президенті бейсенбі күні кешке Миннесота штатында өткен сайлауалды отырысында республикашыл партия жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде: "Біз Сауд Арабиясын қорғап отырмыз, бірақ бұл үшін олар аз ақша төлеп отыр",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 05, 2018 19:31 Asia/Almaty
  • Трамп: Сауд Арабиясы АҚШ-қа көбірек ақша беруі тиіс

АҚШ президенті бейсенбі күні кешке Миннесота штатында өткен сайлауалды отырысында республикашыл партия жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде: "Біз Сауд Арабиясын қорғап отырмыз, бірақ бұл үшін олар аз ақша төлеп отыр",- деп мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп: "Сауд Арабиясы корольдігі Арабстан үкіметін қорғап отырған америкалық әскерилердің ауыр шығындарын толығымен төлеуі тиіс",- деп баса айтты.

АҚШ президенті сондай-ақ, өз елінің елшілігін Бейт ул-Мұқддасқа көшіру туралы шешімін қолдап: "Көптеген елдер бізді бұл істі жүзеге асырудан айнытуды көздеген жағдайға қарамастан АҚШ-тың елшілігін Құсдқа көшірдік.

АҚШ халқы қазір АҚШ үшін табандылық танытып, бірде бір президент жасамаған әрекеттерді жүзеге асырған президентке ие",- деді.