Трамп Обаманың орынбасарына қоқан-лоққы жасады
https://itolqyn.com/news/world-i39299
АҚШ Президенті бұл елдің бұрынғы президентінің орынбасарына қоқан-лоққы жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 07, 2018 21:47 Asia/Almaty
  • Трамп Обаманың орынбасарына қоқан-лоққы жасады

АҚШ Президенті бұл елдің бұрынғы президентінің орынбасарына қоқан-лоққы жасады.

Трамп Канзаста сөйлеген  сөзінде: "Джо Байденмен физикалық тұрғыдан күресетін болсақ, күрес ұзаққа созылмайды",- деді. АҚШ Президенті Байденге соққы жасап жатқанын көрсетіп: "Ол жерге құлады. Енді еш уақытта тұра алмайды» деді.

Байден – АҚШ-тың 2020-шы жылғы президенттік сайлауының ықтималды үміткерлерінің бірі. Байден өзінің жуырдағы сөзінде АҚШ Президентін Ақ үйді өз күшін көрсету үшін пайдаланып отырған бұзақы деп атаған болатын.