Хашоқджидің өлімі – Трамптың басқа диктаторлармен жақындасқандығының белгісі
Қаз 09, 2018 21:28 Asia/Almaty
The New York Times газеті саудиялық режимді сынға алған тілшіні өлтіру оқиғасын АҚШ президентінің басқа диктаторлармен ынтымақтастығы мен жақындасуының белгісі деп атады.
Бұл америкалық басылым бір мақаласында АҚШ президенті Дональд Трамп пен басқа америкалық басшылардың саудиялық режимге қарсы журналист Джамал Хашоқджиді өлтіру оқиғасына көзжұмбайлық танытуына тоқталып: "Енді АҚШ либералды құндылықтарды қолдайтындай кейіп танытпайтын болды.
АҚШ тарихында бірде-бір президент Трамп сияқты осыншалықты саудиялықтарды жақтаған жоқ",- деп жазды.
Джамал Хашоқджи сейсенбі, қазанның екісі күні Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығына кірген соң іс-түссіз жоғалып, кейін оның мүрдесі табылды.
Тегтер