Америкалық әйелдер Дональд Трампты жек көреді
Жаңадан жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, америкалық әйелдердің басым бөлігі өз елінің президентін жек көреді.
Politico ақпарат торабының хабарлауынша, PEW сараптау институтының сауалнамасы АҚШ-тағы әйелдердің 65 пайызының президент Дональд Трамптың әрекетіне наразы, ал 30 пайызының риза екенін көрсетіп отыр.
Сауалнаманың нәтижесі Сенаттағы республикашылдар Трамптың Федералды Жоғары сотқа ұсынған үміткері Бретт Каваноға оқ дауыс берген жағдайда жарияланды.
Кавано бір америкалық әйелді зорлады деп айыпталғанымен оның кандидатурасы Сенатта бекітілді. Осы мәселе көптеген америкалық әйелдердің ашу-ызасына себеп болды.
Дональд Трампқа да бірнеше әйелдің шағымы бойынша жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған.