Венди Шерман: Трамп АҚШ-ты оқшаулады
https://itolqyn.com/news/world-i39479
АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары: «Дональд Трамптың Иранның ядролық келісіміне қатысты шаралары АҚШ-тың оқшаулануына соқтырды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 18, 2018 22:58 Asia/Almaty
  • Венди Шерман: Трамп АҚШ-ты оқшаулады

АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары: «Дональд Трамптың Иранның ядролық келісіміне қатысты шаралары АҚШ-тың оқшаулануына соқтырды»,-деді.

Венди Шерман сәрсенбі күні «Стенфорд халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастық  үшін» атты орталықта Иранның ядролық келісімі жайлы: «АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қатысты әрекеттері алаңдаушылық тудырады, өйткені бұдан былай әлем елдері АҚШ-қа серіктес ретінде қарамайды»,-деді.     

Бұдан бұрын да АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары Трамп үкіметін  Иранмен 1955 жылғы достық келісімінен шыққаны үшін сынап: «Трамп басқа елдердің де өз мүдделері бар екенін түсінбейді»,-деген болатын.

АҚШ Иран мұнайын сатып алушыларға істерін тоқтатуы үшін қараша айына дейін уақыт берді. Трамптың бұл саясаты Иран мұнайын сатып алушы елдердің қарсылығына ұшырады.