Қытай Америкаға валютаны саясиландырмауға кеңес берді
(last modified Fri, 19 Oct 2018 10:25:10 GMT )
Қаз 19, 2018 16:25 Asia/Almaty
  • Қытай Америкаға валютаны саясиландырмауға кеңес берді

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы юаньның долларға шаққандағы бағамының төмендеуін сауда қайшылықтарындағы құрал екенін теріске шығарды.

 

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-қа нарықтық заң мен объективті фактілерді құрметтеп, айырбас бағамын саясиландырмауға кеңес беріп:

«Бейжің сан рет доллар мен басқа да шетелдік валюталар арасындағы бәсекелестікті жеңу үшін юань бағамын қасақана төмендетпейтінін қуаттады»,- деді.

АҚШ Қаржы министрлігі бейсенбі күні валюта құнының саясаты туралы жарты жылдық мәлімет жариялап, Қытайды  валюталық бақылаушы ел ретінде белгілеген жоқ. Өткен үш айда  доллар мен еуроға шаққанда артып келе жатқан юанның бағамы Қытай мен Американың сауда соғысының қайшылықтарының артуымен шамамен 5 пайызға төмендеді.