Трамп ақыры Хашоғджидің өлтірілгенін қабылдады
https://itolqyn.com/news/world-i39490
АҚШ Президенті ақыры Хашоғджидің өлтірілгенін қабылдап, егер саудиялықтар оның өліміне қатысты болса, ауыр салдарлармен бетпе-бет келетінін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 19, 2018 16:38 Asia/Almaty

АҚШ Президенті ақыры Хашоғджидің өлтірілгенін қабылдап, егер саудиялықтар оның өліміне қатысты болса, ауыр салдарлармен бетпе-бет келетінін мәлімдеді.

 

«Рейтерс» телеарнасының мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатта Сауд режимінің сыншысы тілші Джамал Хашоғджидің өлтірілгенін растап, саудиялықтардың бұл тілшінің өліміндегі рөлі мен оның Риядқа тигізетін салдарлары туралы сұраққа: «Бұл өте жаман іс. Не болатынын көреміз»,- деп жауап берді.

Түркияның ақпарат құралдары қауіпсіздік күштерінің мәліметтеріне сүйеніп, Хашоғджидің өлтірілуіне қатысты 15 адамдық топ мүшелерінің жетеуін Бен Салманның жеке күзетшілері деп хабарлады.   

«Нью-Йорк таймс» газеті бейсенбі күні: «Саудиялық басшылар Бен Салманды айптаудан құтқару үшін Сауд Арабиясы армиясының жоғары лауазымды генералдарының бірі Хашоғджиді өлтіруді бұйырды деген қастандық жобалуда»,- деп жазды.