Әлемдік сауда жүйесіндегі дағдарысқа халықаралық деңгейдегі басшылар алаңдаушылық білдірді
(last modified Fri, 19 Oct 2018 16:42:08 GMT )
Қаз 19, 2018 22:42 Asia/Almaty
  • Әлемдік сауда жүйесіндегі дағдарысқа халықаралық деңгейдегі басшылар алаңдаушылық білдірді

Америка президенті Дональд Трамп 2017 жылы билік басынан келгеннен бері әрдайым еркін сауданы Американың экономикалық тұрақсыздығының негізгі факторы деп атап, оған тосқауыл қоятынын айтып, қоқан-лоққы жасап келеді. Ол осы бағытта көбінесе импортталатын тауарларға тарифтерді айтарлықтай арттыруға негізделген экономикаға қолдау көрсететін саясат ұстанып отыр.

Трамп шетелдік тауарлар мен өнімдерге, әсіресе еуропалық елдер мен Қытай тауарларына тариф тағайындауға табандылық таныту арқылы осы елдердің қарымта реакцияларына себеп болды. Америка бүгінде әлемнің ең үлкен экономикасы саналатын Қытаймен бұрын-соңды болмаған сауда соғысын бастады. Еуропа Одағының жоғары деңгейдегі басшылары да осы одақ пен Америка арасында уақытша келісімнің жасалғанына қарамастан Трамптың Еуропадан Америкаға импортталатын көліктерге жаңадан тариф енгізуіне қатысты қоқан-лоққыларының жүзеге асырылуына қатты алаңдауда. Олар осы тарифтердің Атлант мұхитының екі жағындағы сауда байланыстарына тигізетін салдарларының ушыға түсетінін қуаттады. 

Американың әлемнің басқа үлкен экономикаларымен сауда саласындағы тайталасының күшеюі  бұл істің арта түсетін салдарларына қатысты шынайы ескертулердің жасалуына себеп болды. Осы салада Әлемдік Сауда Ұйымының Бас директоры Роберту Азеведу бейсенбі күні сөйлеген сөзінде: «Елдердің әлемдік саудада дағдарыспен бетпе-бет келіп отырғанында шәк жоқ. Егер шара қолданылмаса, көп жақты сауда жүйесіне шынай зардап тиеді" деді. Әлемдік Сауда Ұйымы Бас директорының көзқарасы бойынша, сауда саласындағы қазіргі дағдарыс – саяси дағдарыс. Ол саяси шешім жолын талап етеді. 

Бұдан бұрын да Халықаралық Валюта қоры Америка мен Қытай арасындағы импортталатын тауарларға тарифтердің арттырылуы сияқты факторларға назар аударып, әлемдік экономиканың дамуына қатысты өз болжамын ұсынған болатын. Халықаралық Валюта ұйымының айтуы бойынша, сауда саясаты мен импортқа тариф салу бойынша пайда болған қазіргі мәселелер халықаралық саудаға соққы келтіреді. Жаңадан пайда болған экономикалар да қиын қаржы жағдайы мен инвестиялардың елдерінен кетуімен бетпе-бет келіп отыр. Халықаралық Валюта қорының басшысы Кристина Лагард әлем басшыларынан тарифтерге бет бұрудың орнына қолдау мен әлемдік сауда жүйесін түзетіп, оны жою үшін талпыныс жасауды қоюға шақырды. 

Әлемнің алпауыт елдерінің, әсіресе Қытай мен Германия және Халықаралық Валюта қоры сияқты ұйымдардың басшыларының көзқарасы бойынша сауда азаттығымен қарсыласу әлемдік экономикаға бүлдіргі әсер етуімен қатар осындай саясат ұстанып отырған Америка сияқты елдердің экономикалық дамуына да теріс әсер ететін болады. 

Трамп үкіметінің экономика саласындағы саясаты әлемдік кең ауқымды сынға ұшырады. Тіпті, Американың кейбір сауда серіктестері бұл елден өш алатын саясат ұстану арқылы қоқан-лоққы жасады.

Дегенмен, Трамптың өзінің сауда саясаттарын жеңілдетуге құлқы жоқтай көрінеді. Трамптың саясаты іс жүзінде қалықаралық сауда жүйесі мен экономиканы түйткілді, бейберекет кезеңге енгізіп, халықаралық экономикалық жүйенің күйреу ықтималдығына себеп болды.