Трамп Джамал Хашагджидің өліміне қатысты саудиялықтар құрастырған нұсқаны қолдады
Қаз 20, 2018 15:46 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Дональд Трамп: «Саудиялық тілші Джамал Хашагджидің басына түскен оқиғаны қабылдауға болмайды»,-деді.
Дональд Трамп жұма күні кешке Сауд Арабиясының Хашагджидің осы елдің Стамбұлдағы Бас консулдығындағы ұрыстан кейін қаза болғанын растағаннан кейін саудиялықтардың осы оқиғаға қатысты берген түсініктемесіне сенетінін мәлімдеді.
Бұдан бұрын Сауд Арабиясын қатты жазалайтынын айтқан АҚШ Президенті бұл елге қарсы санкцияларға қару-жарақ саудасының кірмейтіндігіне үміт білдірді.
АҚШ Өкілдер палатасының барлау комитеті басшысының орынбасары Адам Шиф Джамал Хашагджидің үрыстан кейін өлтірілгені туралы хабарға сенуге болмайтынын айтты.
Тегтер