Ауғанстандағы парламенттік сайлауға 3 млн адам қатысты
Ауғанстан Сайлау комиссиясының басшысы сайлаудың бірінші күніне шамамен 3 млн адам қатысқанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Галаджан Абдул Бади Сайад бүгін Кабулда тілшілермен өткізген баспасөз маслихатында: "Ауғанстандағы парламенттік сайлауға қатысу шарттарына ие 8 млн 800 мың адам бұдан бұрын 33 сайлау учаскесіне барып тіркелген. Кеше 3 млн-ға жуық адам дауыс берді. Ауғанстанның 14 уалаятындағы сайлау учаскелерінде кеше техникалық ақауларға байланысты қауіпсіздік сақталмағандықтан сайлау өтпеді. Бұл жерлерде дауыс беру бүгін, жексенбі өтіп жатыр",-деді.
Кеше Ауғанстанның жер-жерінде 192-ге жуық лаңкестік шабуыл болды. Солардың салдарынан шамамен 40 адам қаза тауып, 180-нен астам адам жараланды.