Трамп: Хашоғджидің өлімі алдын ала жоспарланбаған
АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні USA TODAY-ге берген сұхбатында Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты мәліметтердің әшкереленуінен кейін америкалық қаруды Сауд Арабиясына сатуды тоқтатуға қарсылық білдіріп, Сауд Арабиясын жазалайтын басқа да жолдардың бар екендігін айтты.
АҚШ президенті Трамп саудиялықтардың тілшіні алдын ала жоспарланған бағдарлама бойынша өлтіргендерін теріске шығарып, Сауд үкіметінің Джамал Хашоғджидің өлімі туралы түсініктемелерінің күмән тудыратынын айтып, Сауд Арабиясына қару сатуды тоқтататын кез келген шешімге қарсылық білдіретінін мәлімдеп:
«Менің ойымша, Хашоғджиді Стамбулдағы Сауд Арабиясының Консулдығында өлтіру үшін қасақана шақырылмадған»,- деді. Трамптың бұл ұстанымы «Хашоғджи Консулдықтың ішінде болған ұрыс салдарынан өлді» деген Сауд үкіметінің ұстанымына келеді.