Трамп жарылғыш пакеттер жіберу оқиғасына реакция білдірді
АҚШ Президенті елінің әртүрлі жеріне жарылғыш пакеттер жіберілгеніне білдірген реакцияда бұл істің жасырын жайттарын анықтайтынын айтты.
АҚШ-тың Fox News телеарнасының хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні АҚШ-тың бұрынғы саяси басшыларының кейбіреуіне жарылғыш заттар жіберуді айыпталатын іс деп атады.
АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенс: "Бұрынғы Президент Клинтонның жанұясы мен CNN телернасы мен басқаларға шабуыл жасауға әрекеттенуу – айыпталатын жиіркенішті іс",-деді.
Сәрсенбі күні америкалық қайраткерлерге жарылғыш заттар салынған пакеттер жіберу бұл елді қатты дүрліктірді.
Жарылғыш заттар салынған бірнеше пакет осы уақытқа дейін АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың кеңсесіне, CNN телеранасының Нью-Йорктегі кеңсесі мен Клинтонның жанұясы және тағы да басқа америкалық демократ қайраткерлерге жіберілген.
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сәрсенбі күні өзінің жұмыс орнына жарылғыш пакеттің жіберілгеніне реакциясында: "АҚШ тынышсыз кезеңді бастан өткеруде",-деді.