Ирандағы адам құқығы жағдайын көтеру ісінде бөгделерге орын жоқ
(last modified Thu, 25 Oct 2018 13:46:17 GMT )
Қаз 25, 2018 19:46 Asia/Almaty
  • Ирандағы адам құқығы жағдайын көтеру ісінде бөгделерге орын жоқ

БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетіндегі Иран өкілі сәрсенбі күні Иранның заңдылығы мен қауіпсіздігінің халықтың дауысынан бастау алатынын айтып: "Ирандықтардың адам құқығын сақтап, көтеру талпыныстарында бөгделерге орын жоқ",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Хасанинежад БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінде осы ұйымның Адам құқығы кеңесінің баяндамашысы Джавид Рахманның Иранға қатысты жуырдағы есебіне берген жауабында: "Қазір тарих үнсіз болғанымен, адам құқығын қорғаймыз деп жалған уәж айтушылардың үздіксіз қылмыстарының тарихта тіркеліп жатқаны анық» деді.

Хасанинежад АҚШ-тың Иранға қарсы агрессивті саясаттарын барша жұрттың білетінін айтып, Вашингтонның адам құқығына қатысты қатынасын  таңдамалы, зиян және қате деп атады.