Трамптың Иран мен Қарсыласу қозғалысына қарсы сөздері жалғасуда
https://itolqyn.com/news/world-i39613
АҚШ президенті Иран мен Қарсыласу қозғалысына қарсы бос уәждерін қайталап, Ливан Хезболласына қарсы қатаң санкциялар туралы құжатқа қол қойғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 27, 2018 15:19 Asia/Almaty
  • Трамптың Иран мен Қарсыласу қозғалысына қарсы сөздері жалғасуда

АҚШ президенті Иран мен Қарсыласу қозғалысына қарсы бос уәждерін қайталап, Ливан Хезболласына қарсы қатаң санкциялар туралы құжатқа қол қойғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Ақ үйдің Израиль мен Сауд режимі бағыт беріп отырған лаңкестік топтарды қолдауына тоқталмастан, Қарсыласу қозғалысына қарсы айыптарын қайталап: "Жаңадан салынатын санкциялар Ливан Хезболласының қаржы ресурстарын шектейтін болады",- деді.

Трамп сөзінің жалғасында "Ортақ қадам" келісімінің мазмұнын назарға алмастан, лаңкестікпен күресуде кез келген құралды пайдаланатынын баса айтып, дәл осы мәселені АҚШ-ты "Ортақ қадамнан" шығару себептерінің бірі деп атады.

Трамп сондай-ақ, Иранға қарсы ядролық қоқан-лоққыларын қайталап: "Қарашаның төртінен кейін АҚШ-тың Иранға қарсы барлық шаралары мен ядролық санкциялары толығымен жүзеге асырылады",-деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Майк Помпео Иранға қарсы санкциялардың қайта күшіне енгеніне тоқталып: "АҚШ президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" келісімінен шығуға қатысты дұрыс шешім қабылдады",- деді.