Иранға салынған санкция салдарынан әлемдік нарық мұнай тапшылығына душар болуы мүмкін
(last modified Sun, 28 Oct 2018 10:25:03 GMT )
Қаз 28, 2018 16:25 Asia/Almaty
  • Иранға салынған санкция салдарынан әлемдік нарық мұнай тапшылығына душар болуы мүмкін

АҚХА-нің директоры Фатих Бироль Американың Иранға қарсы біржақты санкцияларының экономикалық салдарлары мен Иран мұнайы экспортының азаю ықтималына қатысты ескерту жасап, сұраныстың күн сайын артуына байланысты нарықты қажет мұнаймен қамтамасыз етуде алаңдаушылықтың пайда болғанын айтты.

АҚХА-нің директоры сенбі күні мұнай нарығына саяси ағымдардың енуін сынап: «Сұраныс пен ұсыныс арасындағы балансқа қарамастан мұнай бағасы көбірек қымбаттауы мүмкін. Бұл жағдай әлемдік экономика үшін ең жаман уақытта болайын деп тұр» деді.

Мұнайдың әлемдік нарықтарындағы тұрақтылық бірнеше фактордың әсерінен баланстан шығады: бірінші фактор ұсыныстың қалыптан тыс бейберекет жағдайға ұшырауы.

Қазір алдыда қыс маусымы келе жатқандықтан сұраныстың артуына байланысты тұтыну үшін нарықта артық мұнай жоқ. Сол себепті ұсыныс жағдайы өте төмен.  

Екінші фактор – мұнай ұсынысының тұтқиыл төмендеуіне қатысты алаңдаушылықтың психикалық әсерлері, үшінші фактор мұнай экспортын жалғастыру үшін кедергі қалыптастырып, мұнай нарығына саяси қысым жасау.  

Америка біржақты санкциялар салумен Иранның банктік жүйеге қолжетімділігін шектеп, Иранмен серіктестік жасайтын банктерге айыппұл салу арқылы Иранның мұнай экспортына кедергі келтіруге  күш салып жатыр.

Осы үш фактордың салдарынан шикі мұнайдың мамыр айындағы әр баррелінің 68-77 доллар орташа бағасы қазір шамамен 84 долларға жетті.

Мұнай бағасының өсуі әлемдік экономикаға қатты әсер етеді.

Осылайша, Трамп үкіметінің санкция салу жолындағы мақсаттарының бірі Иранның негізгі сатып алушыларын Иран мұнайын сатып алу көлемін төмендетуге, тіпті тоқтатуға дейін келістіру сияқты көрінеді.

Барак Обама үкіметінің Мемлекеттік департаментінде Иранға санкция салу саласында жұмыс істейтін Питер Гарл былай дейді: «Америка үкіметі мұнайдың әлемдік нарығында Иранға салған санкциялардың салдарын минимумға жеткізіп, азғантай қиындықпен-ақ Иран мұнайын нарықтан шығара алады».

Бұл тәсіл америкалық жауапты басшыларға АҚХА-нің есебі бойынша Иранға мұнай саласында санкциялардың басталуымен ұсыныста шалыс күшейіп, әлемде мұнай өндірісі көлемінің артығын жою мұнайдың әлемдік нарығын бейберекеттікке тірейтін қиындық саналған жағдайда ұсынылып отыр.  

Қазір мұнай өндірісі көлеміндегі мұнайдың артық мөлшерінің азаюымен ұсыныста жаңа мәселе туындап, бағалардың өсуі нарық пен тұтынушылардың алдарынан шиеленісті жағдай қалыптастырады.  

Трамп үкіметінің Иранға қарсы мұнай санкцияларын қайтару механизмдері бойынша нақты мәлімет жоқ. Бірақ, ең соңғы мәліметтерден Америка үкіметінің Иран мұнайының экспортын тоқтатуда қауқарсыз екендігі белгілі болып отыр. Соңында, күштеп отырып Иранның мұнай экспортын күніне 700 000-нан 1 млн баррельге дейін азайта алуы мүмкін.

Алайда экпортты осы мөлшерге дейін азайтудың өзі мұнайдың әлемдік нарығын есеңгірететін бағамен бетпе-бет келтіреді. Бұл не мұнай нарығы үшін, не Америка үкіметі үшін жағымды оқиға бола қоймайды.