Трамп Пенсильванияда болған атысқа қатысты пікір білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i39633
АҚШ Президенті Пенсильвания штатында болған қанды атысқа реакциясында қару ұстау заңына өзгеріс енгізуге қарсылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 28, 2018 18:17 Asia/Almaty
  • Трамп Пенсильванияда болған атысқа қатысты пікір білдірді

АҚШ Президенті Пенсильвания штатында болған қанды атысқа реакциясында қару ұстау заңына өзгеріс енгізуге қарсылық білдірді.

ABC ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Дональд Трамп бір синагогада болған оқиғаға реакциясында АҚШ-тағы қару ұстау заңының әлсіздігіне тоқталмастан өлім жазасына кесу заңдарын күшейтуді талап етті.

Трамп АҚШ-та қару ұстау заңының Пенсильвания штатының Питтсбург қаласында болған оқиғаға әсері аз болды деген уәж айтып: "Егер өлім жазасына кесу заңдары күшейтіліп, қоғамдық орындарға қарулы күзетшілер қойылатын болса, мұндай оқиғалар  болмайды",-деді.

АҚШ полициясының хабарлауы бойынша, сенбі күні Питтсбургтегі атыста қаза болғандардың саны 14 адамға жетіп, 12 адам жараланды.

Шабуылдаушы – Роберт Бауер есімді қара нәсілді азамат. Ол қамауға алынды. Оның атысының мақсаты анықталған жоқ.