АҚШ қарашаның төртін Иранға психологиялық тұрғыдан қысым жасайтын күн деп белгіледі
(last modified Tue, 30 Oct 2018 16:40:35 GMT )
Қаз 30, 2018 22:40 Asia/Almaty
  •  АҚШ қарашаның төртін Иранға психологиялық тұрғыдан қысым жасайтын күн деп белгіледі

Алайда, ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының екінші кезеңінің басталуына бір апта қалғанда жасаған мәлімдемесінде 4 қарашада тосын оқиға болмайтынын, АҚШ-тың өз мақсаттарына жетпейтінін баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: "АҚШ-тың санкцияларының екінші кезеңі арқылы өзінің экономикалық мақсаттарына жету мүмкіндігі өте төмен. Ал саяси мақсаттарына жету мүмкіндігі мүлдем жоқ",-деді.

АҚШ-тың мақсаттарын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы және бұл елдің Иранға қарсы саяси және экономика саласындағы заңсыз санкцияларын қайтаруы шеңберінде бағалауға болады. АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының екінші кезеңі 2018 жылдың 4 қарашасында Иранның банк, қаржы қатынасы, мұнай экспорты салаларында іске қосылады. АҚШ осы уақытқа дейін Иранның мұнайын сатып алушыларға мұнай импортын тоқтатуға мұрсат берді. Алайда бүгінде жаһандық мұнай нарығында қалыптасқан жағдайдан ОПЕК-тегі ең ірі үшінші мұнай өндіруші ел Иранды нарықтан толығымен шығарып тастаудың мүмкін еместігі байқалады.

Бұған қарамастан Иран халқымен жауласуда АҚШ-тың бұрынғы үкіметтерінің арасынан оза шапқан Дональд Трамп үкіметі экономикалық қысымдар арқылы халықтың ИИР жүйесіне сынмен қарауына және Иранды әлемдік саясатта оқшауландыруға әрекет етіп жатыр.

Экономикалық салада қысым мен санкциялар Иран халқына әсер еткенімен Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ саясатының тиімсіздігі дәлелденді. Иран халқы мен Ислам республикасы жүйесі арасында санкция арқылы алшақтық тудыру сағымнан басқа ештеңе емес. Бүгінде Ислам революциясынан 40 жыл өткенде Иран халқының Ислам революциясы мен ИИР жүйесімен жақтастығы кейбір экономикалық қиындықтарға қарамастан үлгі тұтуға тұрарлық.

Саяси салада да Дональд Трамп ИИР-мен текетіресте АҚШ-ты оқшаулаудың символына айналды. Бұл елдің Иранға қарсы санкциялардың тасасынан көздейтіні тек психологиялық тұрғыдан қысым жасау.  Еуроодақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға беріктігі мен Иранмен экономикалық ынтымақтастық жасауы АҚШ-ты өзінің саяси мақсаттарына жету жолында жалғыз қалдырды. Осындай жағдайда Трамп басқаратын АҚШ 2018 жылдың 4 қарашасында өзінің оқшау қалғанын тағы тамашалайды.

The Wall Street Journal газеті өткен жұмада: "Еуроодақ өткен айларда бірнеше рет АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаны үшін сынап, Иранға қайта санкция салуға қарсылық білдірді. Еуроодақ Иранмен арада қаржы желілерін сақтау үшін механизм ойластырумен қоса, бір заң бекітті. Сол заң бойынша Иранмен әріптестік жасайтын еуропалық кәсіптерлерге АҚШ салатын ықтималды айыппұлдар ресми танылмайды",-деп жазды.

Еуроодақтың осы ұстанымы Дональд Трамптың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қыркүйек айында өткен отырысында кеңес мүшелерін Иранға қарсы жұмылдырудағы сәтсіздігімен бірге санкциялардың екінші кезеңі орындалған жағдайдың өзінде АҚШ-тың саяси мақсаттарының орындалу ықтималын жояды.

АҚШ санкцияларының екінші кезеңінің басты өзегі саналатын Иранның мұнайына қарсы санкцияның әлемдік мұнай нарықтарында теріс салдарлары болады. Бұл болжам Иран мұнайының экспортын тоқтатудың мүмкін еместігін көрсетеді.