АҚШ-тың өкілі БҰҰ Бас ассамблеясында өз елінің айыбын Иранға жапты
(last modified Thu, 01 Nov 2018 12:44:23 GMT )
Қар 01, 2018 18:44 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың өкілі БҰҰ Бас ассамблеясында өз елінің айыбын Иранға жапты

АҚШ өкілі БҰҰ Бас ассамблеясының Қауіпсіздік және қарусыздану комитетінде Сауд Арабиясы мен Израильдің Таяу Шығыс аймағындағы бүлдіргі әрекеттеріне тоқталмастан, Иранды аймақтағы ең үлкен мәселе деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Роберт Вуд сәрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының Қауіпсіздік және қарусыздану комитетінің қарусыздану және аймақтық қауіпсіздік тақырыбындағы жиналысында сөз сөйлеп: "Таяу Шығыс – қауіпсіздік саласында түйткілдерге ие аймақ. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Иранның қатынасының өзгеруіне септігін тигізе алмады",-деген уәж айтты.

БҰҰ Бас ассамблеясының Қауіпсіздік және қарусыздану комитетіндегі АҚШ-тың өкілі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке оң әсер еткені жайлы теорияның істен шыққанын, Иранның осы бағдарламаның экономикалық артықшылықтарын аймақты тұрақсыздандыру мақсатында қолданғанын айтты.

АҚШ басшыларының мұндай уәждері Сауд Арабиясының лаңкестіктің, Израильдің лаңкестердің демеушісі әрі жүздеген ядролық оқтұмсыққа ие режим ретінде Таяу Шығыстағы тұрақсыздық пен бейберекеттіктің басты орталығы болып отырған жағдайда ұдайы айтылып келеді.