Иран мен Ауғанстан арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды
Қар 04, 2018 22:46 Asia/Almaty
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі мен Ауғанстан Бейбітшілік жоғары кеңесінің Төрағасы екі ел арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі Мансур Ғолами Теһранда Ауғанстан Бейбітшілік жоғары кеңесінің Төрағасы әрі ел президентінің өкілі Мұхаммад Карим Халилимен кездесуінде екі елдің салттары мен әдеп-ғұрыптарының жақындығына тоқталып: "Екі елдің ортақ тілі Теһран мен Кабулдың білім саласында ынтымақтастықтарын жақындату үшін жақсы мүмкіндік тудырды",- деді.
Ғолами сонымен бірге әлемдік рейтингтегі Иран университеттерінің жоғары деңгейіне сілтеме жасап, Иранның жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының жоғары әлеуеттерге иелігінің мақтаныш тудыратынын айтты.
Тегтер