АҚШ-тың орта кезеңдік сайлауы қарсаңында Трамптың өтірік айтуы артты
Франциялық газеттердің бірі АҚШ-тың орта кезеңдік сайлауында Трамп өз партиясына дауыс беруге халықты көберік тарту үшін өтірік айтуын арттырғанын хабарлады.
Францияның "Le Point" газеті: "АҚШ Президенті Дональд Трамп елінің кезеңдік президент сайлауына қатысатындардың даусына ие болуы үшін өз ойынын бастап, өтірік айтуын арттырды",- деп жазды.
"Le Point" газеті Трамптың қазанның 22 күнгі сайлау қарсаңындағы жиында сөйлеген сөзі мен орта таптар үшін салықты 10 пайызға төмендету туралы уәдесіне тоқталып: "Трамп салықты екі аптадан кейін төмендететіндігіне қатысты өтірік айтты. Себебі, Конгресс орта кезеңдік сайлауға дейін отырыс өткізбейді, сондықтан Трамптың бұл уәдесін іске асыруы мүмкін емес",- деді.