Трамп Иранға қатысты «Ұлттық төтенше жағдай» бұйрығын созды
https://itolqyn.com/news/world-i39818-Трамп_Иранға_қатысты_Ұлттық_төтенше_жағдай_бұйрығын_созды
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні ИИР-на қатысты «Ұлттық төтенше жағдай» шешімнің күшін бір жылға ұзартты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 09, 2018 17:07 Asia/Almaty
  • Трамп Иранға қатысты «Ұлттық төтенше жағдай» бұйрығын созды

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні ИИР-на қатысты «Ұлттық төтенше жағдай» шешімнің күшін бір жылға ұзартты.

Иран телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша жыл сайын ұзартылып келе жатқан бұл шешімге бірінші рет 1979-шы жылдың қараша айының 15 күні сол кездегі АҚШ Президенті қол қойған.

Бұл шешім АҚШ Президентіне Иранның мүлкі мен қаржыларын тәркілеуге рұқсат береді. Осы уақытқа дейін Америка ИИР-ның миллиардтаған долларын заңсыз түрде тәркіледі.

АҚШ-тың Қаржы министрі Стивен Мнучин жақын арада Иран банктерінің халықаралық SWIFT жүйесінен толығымен қатынастарын үзетінін хабарлады.